
2.7 млрд қолданушысы бар YouTube платформасы енді жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен контент дайындауға ден қояды. Бұл туралы Kursiv.Media Reuters мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Платформаның 20 жылдығына арналған іс-шарада YouTube жетекшілері алдағы он жылдыққа арналған жоспары туралы айтты. Alphabet компаниясына тиесілі медиа енді видеоролик дайындау барысында ЖИ көмегіне көбірек жүгінуне ден қояды.
Медиа жетекшілері болашақтың өнімін дайындаушыларға шектеу қоймайтын болды. Есесіне, оларға ЖИ-мен жұмыс істейтін бірнеше құрал көмектеседі. Соның арқасында тіпті жаңа контент пайда болмақ.
2023 жылы Голливуд бірнеше ай бойы ереуіл өткізіп, мұндай тұжырымдамаға қарсы шыққан еді. Дегенмен YouTube бас директоры Нил Мохан ЖИ мүмкіндігі басқа да контент дайындаушылар жұмысына кедергі келтірмейді деп отыр.
«Бар болғаны құрал ғана. Бір де бір студия, тележелі, технология компаниясы немесе ЖИ құралы ойын-сауық өндірісінің болашағына әмір жүргізе алмайды», – дейді топ-менеджер.
Оның пікірінше, алдағы жиырма жылда ЖИ YouTube-те контент дайындау ісінде алдыңғы қатарға шыға береді.
Alphabet жарнама мен медиаға жазылудан түскен пайда былтыр 50 млрд доллардан асқанын мәлімдеген. Моханның айтуынша, кейінгі төрт жылда YouTube контент дайындаушыларға 100 млрд доллардан астам қаражат төлеген.