Жаңалықтар

Нұрлан имам жасанды интеллектің дінге пайдасы жайлы айтты

Фото: kursiv.media архиві

Танымал имам, теолог, дінтанушы Нұрлан Байжігітов жасанды интеллектіні дін саласында қалай қолдануға болатынын және қандай пайдасы барын айтты.

Нұрлан имам әлемдегі кейбір мешіттерде бұрыннан жасанды интеллект жүйесі қолданылатынын айтады. Осы арқылы мешітке кімнің кіргенін бақылап, толық ақпарат алып отыруға болады.

«Жасанды интеллект қазіргі заман талабы.  Мен Сауд Арабиясындағы Әл Харам мешітіне кірген кезде адамдардың  ЖИ арқылы  бақылап отыратынын білемін. Бұл көп уақыттан бері бар тәжірибе. Тура сол сияқты діни ақпарат көзі ретінде мағұлмат алуға болады»,— деді Нұрлан имам.

Дегенмен ЖИ дін қызметкерлірінің орынын алмастыра алмайды. Имам діндегі аса нәзік мәселелерде ұстаздардың рөлі басым болу керек деп есептейді.

«Бірақ жасанды интеллекті ұстаз қылып қабылдай алмаймыз.  Өйткені әртүрлі пікір мен мәселе бар.Біздің кейбір нәзік мәселелерді ЖИ ашып бере алмайды. Оған дін қызметкері болу керек»,—деп түсіндірді имам.  

Белгілі теологтың айтуынша дін қызметкерлері арылы әлемдік қақтығыстардың өзін тоқтатуға болады.

«Дін қашанда елді біріктіруге, халықты ұйыстыруға, елдің басын қосуға көп пайдасы тиген. Бізде осы нұсқаны алуымыз керек. Дін қызметкерлері әлемдік қақтығыстардың өзін тоқтата алатын дәрежесі мен мәртебесі сөзсіз бар,« — деді Нұрлан қажы Байжігітов.

Айта кетейік бүгін, 17 қыркүйекте елордадағы Тәуелсіздік сарайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VIII Cъезі өтіп жатыр. VIІI Съезд жұмысына әлемнің шамамен 60 елінен 100-ден астам делегация қатысып жатыр.