
Елімізде алғашқы гидроаккумуляциялық электр станциясы 2032 жылы іске қосылады. Бұл туралы «Самрұқ-Қазына» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«ГАЭС-тің іске қосылуы энергетикалық жүйеде тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. ГАЭС-ті басқару мүмкіндіктері мен сыйымдылығы үлкен қойма жел және күн энергиясының үлесі жоғары желілерде жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет», – делінген ақпаратта.
«Самұрық-Энерго» АҚ жобасы былтыр басталған. «Қытайдың Су шаруашылығы және энергетикалық халықаралық корпорациясымен» бірлесе отырып, жобаны 2032 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
ГАЭС Алматы облысында салынуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін «Самұрық-Энерго» Қазақстанда алғашқы гидроаккумуляциялық электр станциясын (ГАЭС) салу туралы келісімге қол қойды. ГАЭС-ті қытайлық China International Water & Electric Corporation компаниясымен бірлесіп салады.