Мектептегі буллингті ЖИ камера арқылы анықтап, полицияға хабарлап отырады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Мектептегі буллингті енді ЖИ анықтап, бірден полицияға хабарлап отырады
Мектептегі буллингті енді ЖИ анықтап, бірден полицияға хабарлап отырады / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Мектептегі буллингті ЖИ камера арқылы анықтап, бірден құзырлы органға хабарлап отырады. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов айтты.

Меткептегі буллинг

Министрлік өкілінің айтуынша, арнайы ЖИ жүйесі мектептегі бейнебақылау жүйелерімен интеграцияланып, білім ошақтарындағы қауіпсіздікті бақылап отырады.

«ProtectorAI шешімі жасанды интеллектке негізделген интеллектуалдық жүйе ретінде агрессивті мінез-құлық пен буллинг жағдайларын нақты уақыт режимінде анықтап жауапты тұлғаларға автоматты түрде хабарламалар жіберіп отырады», – деді.

Ахметжанов жалпы мектепте қандай бағыттар бойынша ЖИ енгізу көзделіп отырғанын айтты. Министрлік жасанды интеллектіні қолданатын мектептердің жұмыс істеу моделін қалыптастыруда 4 негізгі бағытты негізге алған. Олар келесідей:

  • қауіпсіздік;
  • басқару;
  • оқу процесі;
  • бақалау жүйесі.

Қауіпсіздік

Қауіпсіздік бағыты бойынша биометриялық жүйе ақылы оқушылардың мектепке келуін автоматты тіркеу және ата-аналарға жіберу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар биометриялық төлем жүйесі арқылы тамақтану кезіндегі қауіптерді азайту мәселесін ЖИ көмегімен шеші көзделген.

Басқару

Басқару бағыты шеңберінде ЖИ көмегімен оқу кестесін автоматты түрде құрастыру, оқу-әдістемелік жұмыстарды жоспарлау, оқу процесіне қатысушылар бойынша аналитикалық дашбордтар құрылады.

Оқу процесі

Оқу процесі бағытында оқу материалдарын жекелендіруге арналған ЖИ оқулықтар, ЖИ репетиторлар, сабақ жоспарларын, тестілер мен презентацияларды автоматты түрде генерациялау технологиялары көзделген. Сондай-ақ визуализация, симуляция, чат-боттар, AR технологияларын қолдану тетіктері енгізіледі.

Бағалау жүйесі

Бағалау жүйесі бойынша тапсырмаларды автоматты тексеру оқушыларға жекелендірілген кеңестер беру, тест нәтижелерін сараптау арқылы кемшіліктерді анықтау және түзету механизмдері, кәсіптік бағдар беру құралдары қарасырылған.

Осылайша министрлік білім сапасын арттырып, мұғалімдердің жүктемесін азайтуды көздеп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз