600 мың теңге тұратын торт дауы сотқа жетті

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
600 мың теңге тұратын тортқа қатысты сот басталады/коллаж kursiv.media

Алматылық кондитер Нұршат Ақбергенованың блогер Аселина Батырға қарсы ісі бойынша сот отырысы 19 қыркүйекте басталады.

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының хабарлауынша, Ақбергенова қарызды өндіру, ар-намысын, қадір-қасиеті мен іскерлік беделін қорғау, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талап арыз берген.

Сот 19 қыркүйекте сағат 11:00-да өтеді.

Бұған дейін құрақ көрпе тігуші кәсіпкер, блогер Аселина Батыр мен кондитер Нұршат Ақбергенова арасында дау туды. Аселина 6 қабаттан тұратын торттың бағасын 300 мың теңгеге бағалаған. Кондитер толық ақысын яғни 600 мың теңгені төлеуді талап етіп, салған ақшасын кері қайтарып жіберген.

Айта кетейік, Аселина Батыр алдын ала тыңдалымға қатыспаған.

Сондай-ақ оқыңыз