Жаңалықтар

Елімізде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды

Елімізде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды/фото: shutterstock

Президент жарлығымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Осылайша инновациялық қызмет саласындағы функциялар мен өкілет Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілді.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мирасқоры болады.

Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Президент Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында жаңа министрлік құрылатынын мәлімдеді.