Тоқаев министрге футбол клубтарын жекешелендіруді жеделдетуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа футбол клубтарын жекешелендіруді жеделдетуді тапсырды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Сондай-ақ министрге вертикальді басқару жүйесін енгізуді жалғастыру қажет екенін айтты. Бұдан бөлек, туризм саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру маңызды міндет ретінде аталды.
Мырзабосыновты Тоқаевқа балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау, халықаралық ынтымақтастықты арттыру, спортқа ғылыми тәсілдерді енгізу, бюджет қаражатын оңтайландыру және заңнамалық базаны жетілдіру жөнінде есеп берді.
Президент тапсырмасы бойынша Щучье-Бурабай курорттық аймағы мен Маңғыстауды дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Алматы тау кластерін дамыту жоспары дайындалып жатыр. Сондай-ақ курортты өңірлерді өркендетуге арналған ведомствоаралық жол картасы әзірленді. Онда туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, санитарлық жағдайдың стандарттарын көтеруге және көлік қолжетімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінген.