Қайрат Сатыбалдыдан қайтқан «Байсат» базары сатылымға шығарылды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: ашық дереккөз, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қайрат Сатыбалдыдан қайтқан «Байсат» базарындағы үлес сатылымға шығарылды. Сауда E-Qazyna порталында 2025 жылғы 18 қараша күні өтеді. Бастапқы баға — 28,6 млрд теңге.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы хабарлағандай, сатылымнан түскен қаражат арнайы мемлекеттік қорға түсіп, әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсалады.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың қаңтарында қылмыстық іс тергеуі барысында Қайрат Сатыбалды өзіне тиесілі «Байсат» базарының негізгі бөлігін мемлекетке ерікті түрде тапсырған болатын.

Жалпы ауданы 4 221,4 м2 және 1,4 гектар жерді құрайтын 3 нысаннан тұратын мүлікке Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға тиесілі «ҚазГерСтрой» бірлескен кәсіпорны» ЖШС және «Astana Finansial Group» ЖШС еншілес компаниясы иелік етіп келген.

Сондай-ақ оқыңыз