Елена Рыбакина Қазақстан құрамасы сапында жеңіске жетті
Жарияланды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Билли Джин Кинг кубогы аясындағы маңызды ойында әлемнің 7-ракеткасы Джессика Пегуланы сенімді түрде жеңіп Қазақстан құрамасына бір ұпай сыйлады.
Әлемдік рейтингте 10-орында тұрған Рыбакина бірінші сетте қарсыласына қысым жасап, шешуші ұпайларды өз пайдасына жазып, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте қазақстандық спортшы мүлде мүмкіндік бермей, 6:1 есебімен алға шықты.
Бұл жеңіс Қазақстан құрамасы үшін аса маңызды болды. Бұған дейін Юлия Путинцева Эмма Наварроға жол берген еді. Қазіргі есеп – 1:1. Енді бәрі Данилина/Құламбаева мен Баптист/Таунсенд арасындағы жұптық ойында анықталады.