
Қазақстандық музыкант және диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek) тағы да беделді «Грэмми» жүлдесіне ұсынылды. Бұл жолы Latin Grammy сыйлығында бақ сынайды.
Аргентиналық әнші Taichu-мен бірге жазған Ella Quiere Techno композициясы «Best Latin Electronic Music Performance» («Латын электронды музыкасының үздік орындалуы») номинациясына енді.
Бұл санатта Имaнбек пен Taichu-ға Orión [Sistek Remix], Qqqq, Rulay En Dubai және Veneka тректері бәсекелес болады.
Жеңімпаздар 13 қараша күні Лас-Вегаста анықталады. Ал финалдық дауыс беру 1 қазанда басталады.
Еске сала кетейік, Иманбек 2021 жылы америкалық әнші Saint Jhn-ның Roses әніне жасаған ремиксі арқылы «Грэмми» алып, тарихқа енді. Осы жетістігімен Қазақстан мен ТМД-дан шыққан алғашқы жеңімпаз ретінде танылды.