Lifestyle

Иманбек екінші рет «Грэмми» сыйлығына ұсынылды

Imanbek снова номинировали на «Грэмми»
Имaнбек екінші мәрте «Грэмми» сыйлығына ұсынылды / instagram/imanbekmusic, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қазақстандық музыкант және диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek) тағы да беделді «Грэмми» жүлдесіне ұсынылды. Бұл жолы Latin Grammy сыйлығында бақ сынайды.

Аргентиналық әнші Taichu-мен бірге жазған Ella Quiere Techno композициясы «Best Latin Electronic Music Performance» («Латын электронды музыкасының үздік орындалуы») номинациясына енді.

Бұл санатта Имaнбек пен Taichu-ға Orión [Sistek Remix], Qqqq, Rulay En Dubai және Veneka тректері бәсекелес болады.

Жеңімпаздар 13 қараша күні Лас-Вегаста анықталады. Ал финалдық дауыс беру 1 қазанда басталады.

Еске сала кетейік, Иманбек 2021 жылы америкалық әнші Saint Jhn-ның Roses әніне жасаған ремиксі арқылы «Грэмми» алып, тарихқа енді. Осы жетістігімен Қазақстан мен ТМД-дан шыққан алғашқы жеңімпаз ретінде танылды.