Lifestyle

Қайрат Нұртас Алматының Орталық стадионында концерт өткізеді

Қайрат Нұртас Орталық стадионда концерт өткізеді / фото: instagram

Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас 31 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда жеке концерт береді.

Өнер иесі өзінің тыңдармандарымен қуанышын бөлісіп, сахнадағы 20 жылға жуық жолындағы қолдауына ерекше алғыс айтты.

«Өнер жолындағы қиын сәттерімде де, қуанышты кездерімде де қасымнан табылып келе жатқан жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Кездескенше, сүйікті тыңдарман!» – деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қайрат Нұртас араға 10 жыл салып, Алматының Орталық стадионында қайта концерт бермек. Концертке билеттер жақында kino.kz сайтында сатылымға шығады.