Жаңалықтар

Қаздан қашып желіні жарған балаға 100 құс сыйға тартылды

Қаздан қашқан балаға 100 құс сыйға тартылды / фото: скрин

Үш жасар ақтөбелік Керейдің қаздардан қашып бара жатқан видеосы желіде 209 млн қаралым жинады. Кадрларда бүлдіршіннің жылап, қаздардан қорқып қашқан сәті жұртшылықтың жүрегін елжіретіп, бірден танымал болып кеткен еді.

Бұл бейнеролик Керейді бір сәтте-ақ «жұлдызға» айналдырды. Тіпті америкалық әйгілі рэпер Snoop Dogg өзінің парақшасында бүлдіршіннің видеосын бөлісіп, халықаралық аудиторияның назарын аударды.

Ал енді кішкентай кейіпкерге ерекше сый жасалды. Ақтөбе облыстық «Ауыл» партиясы филиалының төрағасы Әлібек Базарғалиев Керейдің отбасына 100 қазды табыс етті. Ал әкесі Махамбет Ермеков партия қатарына ресми түрде қабылдады.