Қырғызстанда белгілі актриса күйеуінен зорлық-зомбылық көргенін айтты

Жарияланды 18 Қыркүйек 2025 14:34

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Роза Азимбаева күйеуінен зорлық зомбылық көрді / фото: ашық дереккөз

Қырғызстандық актриса Роза Азимбаева отбасылық зорлық-зомбылық құрбаны болғанын мәлімдеді. Әлеуметтік желілерде оның қатысуымен түсірілген видео тарады.

Актрисаның айтуынша, күйеуі оған қол көтеріп, қолын сындырған.

Бұл жағдайға байланысты Бішкектегі Свердлов ауданының ішкі істер басқармасы ресми түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, аталған дерек бойынша тергеу басталды.

Қазіргі таңда 1986 жылы туған А.Р. және 1983 жылғы М.А. есімді ерлі-зайыпты милиция қызметкерлерімен аудандық ІІБ-ның тергеу бөліміне жеткізілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, – делінген ресми хабарламада.

Қазір іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз