Елде жасанды интеллектіні оқытатын білікті оқытушылардың үлесі 10% ғана

Елде жасанды интеллектіні оқытатын білікті ұстаздардың үлесі 10% ғана. Бұл туралы «Әлеуметтік салада жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында депутат Екатерина Смолякова айтты.
«Қазіргі таңда жасанды интеллект саласында оқытушылардың тек шамамен 10%-ы ғана арнайы дайындықтан өткен. Бұл «100% студентті қамту» мақсаты аясында айтарлықтай теңгерімсіздікке әкелуі мүмкін. Яғни ертең осы студенттерді кім оқытады деген заңды сұрақ туындайды. Курстарды негізінен ЖИ-ді енді меңгеріп жатқан оқытушылар жүргізуде», – деді депутат.
Сонымен бірге Смолякова жоғары оқу орындарында бизнес саласы бойынша оқытатын білікті әрі тәжірибелі мамандардың тапшылығы бар екенін де атап өтті. Айтуынша, осы себепті ЖОО-да оқитын студенттер теорияны меңгергенімен, нақты кейстер мен тәжірибелік машықтарға ие бола алмай жатады.