
Meta компаниясының бас директоры Марк Цукерберг жаңа буындағы Meta Ray-Ban Display көзілдірігін таныстырды. Ол жай ғана көзілдірік емес, линзаның ішінде ЖИ-мен жұмыс істейтін дисплей орналастырылған деп жазады CNN.
Жаңа Meta Ray-Ban Display көзілдірігі адамдарға телефон экранына қарамай-ақ, хабарламаларды көруге, фотоларды ашуға және басқа да деректерді тікелей көзілдірік арқылы пайдалануға мүмкіндік береді. Сырттай қарағанда оның кәдімгі күннен қорғайтын немесе диоптриялы көзілдіріктен еш айырмашылығы жоқ.
Meta бұл құрылғыларды күнделікті өмірге жасанды интеллектіні көбірек енгізу үшін жасап отыр.
Көзілдірікті таныстыру Meta Connect конференциясында өтті. Жаңа Ray-Ban көзілдірігінен бөлек, Ray-Ban Gen 2, спорттық үлгідегі Meta Oakley Vanguard және Quest 3 бас киімінің жаңа функциялары да таныстырылды. Олардың ішінде ойындар, түрлі қосымшалар және Disney+ контенті бар.
Осы жылы жазда Meta 3K форматта видео түсіре алатын смарт-көзілдірік таныстырған еді. Oakley AI ақылды көзілдірігі көмегімен телефонмен қоңырау шалуға, қоңырау қабылдауға, музыка тыңдауға да болады