Жаңалықтар

Францияда ең ірі көтеріліс басталды, қалаларда қозғалыс тоқтады

Париждегі шеруден көрініс / Фото: АА

Францияда мыңдаған адам жаппай шеруге шықты. Француздар бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз жағдайында үкіметтің қатаң үнемдеу саясатына қарсы деп жазады АР.

Елдің бірқатар қаласында ереуілге байланысты қоғамдық көлік жұмысы іркіліспен жүріп жатыр. Атап айтқанда, Лион, Бордо және Нантта трамвай мен автобустардың қозғалысы шектелді. Париж бен астана аймағында метро мен қала маңындағы пойыздар да уақытынан кеш қатынап жатыр.

Франция ІІМ мәліметінше, шеру кезінде тәртіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 80 мың полицей мен жандарм жұмылдырылады.

BFM-TV сауалнамасы бойынша, француздардың 56%-ы ереуілді қолдайды. Тағы 25%-ы қарсы, 18%-ы бей-жай қарайды.

Бұл шерулер енді ғана басталған жоқ. 10 қыркүйекте Францияда «Бәрін бұғаттаймыз» атты жаппай шерулер өткен. Мыңдаған адам қала көшелеріне шығып, баррикадалар орнатты, Париж ортасында өрт қойған. Кәсіподақтың есебінше, елдегі компаниялар мен мемлекеттік мекемелерде 715 шеру тіркелген.