Жаңалықтар

Үндістанда миды жейтін қауіпті амеба құрбаны көбейді

Naegleria fowleri - миды жеп қоятын қауіпті амеба / фото: shutterstock
Naegleria fowleri – миды жеп қоятын қауіпті амеба / фото: shutterstock

Үндістанның Кербала штатында миды жеп қоятын қауіпті амеба құрбаны көбейді. Өңір басшылығы дабыл қақты. Бұл туралы Kursiv.Media Reuters мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Басылым мәліметінше, жыл басынан бері Кербала штатында шамамен 69 адам амеба менингоэнцефалитін жұқтырған. 19 адам Naegleria fowleri – миды жейтін қауіпті амеба құрбаны болған. Үш науқас кейінгі бір айда осы кеселден көз жұмған. Олардың арасында үш айлық сәби де бар.

«Былтыр кесел судан тараса, биыл індет ошағы табылмай отыр. Сол себепті эпидемиологиялық зерттеу тығырыққа тірелді», – штаттың денсаулық сақтау министрі жергілікті телеарнаға.

NDTV телеарнасының мәліметінше, былтыр 36 адам осындай кеселге шалдығып, тоғыз адам қайтыс болған.

Кербала штаты үкіметі таратқан құжатқа қарағанда, амеба энцефалиті өте сирек кездеседі, бірақ орталық жүйке жүйесін тез зақымдайды. Ол ауыз суда, өзен мен көлде тіршілік етеді. Құжатта амеба энцефалитінің екі түрінің бірі Кербалада анықталғаны, оның қозғаушысы Naegleria fowleri екені айтылған.

Жергілікті үкімет су қоймаларын, құдықтарды, қоғамдық суға түсу орындарын хлорлай бастады. Билік климаттың өзгеруіне байланысты тұрғындар суға көбірек түсіп, соның салдарынан індет жайылып кете ма деп қауіптенеді.