
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасарын тағайындады. Бұл туралы Kursiv.Media Ақорда мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Сәлімбаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін агенттіктің Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаментін басқарған.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің басында ғана агенттік төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Тимур Әбілқасымов тағайындалған еді.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2019 жылғы қараша құрылды. Қазір бұл мекемені Мәдина Әбілқасымова басқарады.