Жаңалықтар

650 мың студенттің жеке дерегі шетелдік серверлерде сақталып тұр — депутат

650 студент пен оқытушының жеке деректерінің таралу қаупі бар / Фото: kursiv.media архиві

650 мың студент пен  оқытушылардың жеке деректері шетелдік серверлерде сақталып тұр. Сол себепті олардың жеке мәліметтерінің сыртқа тарап кету қауіпі жоғары. Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова осындай мәлімет келтірді.

Депутат цифрлық қауіпсіздік мәселесі алаңдатарлық мәселесе екенін атап өтті. Айтуынша студенттер мен оқытушылар шетелдік онлайн-платформаларда оқығанда, жеке деректері арқылы тіркеледі.

«Яғни, бұл деректер шетелдік серверлерде сақталады. Мысалы, Huawei сияқты компанияларда. Мұндай жағдайда 650 мың студент пен  оқытушылардың жеке деректері сыртқа шығып кету немесе дұрыс пайдаланылмау қаупі бар. Сондықтан бұл мәселе ерекше бақылауды және нақты кепілдіктерді талап етеді», — деп мәлімдеді депутат «Әлеуметтік салада жасанды интеллектіні қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел барысында.

Еске салсақ Қасым-Жомарт Тоқаев елде алаяқтық жағдайлардың жиілеп кетуіне байланысты азаматтардың жеке мәліметтерін сенімді жерде сақтауды тапсырған болатын.