
Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы жылу желілерінде, сондай-ақ Аягөз бен Сәтбаев қалаларындағы қазандықтарда жөндеу жұмыстары баяу жүріп жатыр. Бұл жайына Энергетика министрлігі селекторлық жиынында айтылды.
Бұл мәселе 2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындыққа арналған республикалық кеңес барысында талқыланды. Кеңеске Индустрия министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ KEGOC, «Қазақстан темір жолы», «ҚазТрансГаз Аймақ» және энергетикалық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
«Бүгінгі таңда Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Ұлытау облыстарының жылу желілерінде, сондай-ақ Аягөз және Сәтпаев қалаларындағы қазандықтарда жөндеу жұмыстарының қарқыны төмен деңгейде қалып отыр», – делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, бірқатар электр станцияларында негізгі жабдықтарды жөндеу мерзімдерінің сақталуын бақылауды күшейту қажеттігі атап өтілді.
Осыған дейін үкімет сағатында премьер-министр Олжас Бектенов жылыту нысандарында жөндеу жұмыстарын уақытынан кешіктіріп жатқан әкімдерді сынға алған болатын.