Досаев жаңа қызметке тағайындалды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ресей азаматы Досаевқа шағымданды
Досаев жаңа қызметке тағайындалды / Фото: gov.kz; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Ақорда Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ерболат Досаевтың Президент әкімшілігіне жаңа қызметке тағайындалғанын хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды», – деп хабарлайды Ақорда.

Еске сала кетсек, 2025 жылдың 24 мамыры күні Тоқаев Ерболат Досаевты Алматы әкімі қызметінен босатқан болатын. Досаев қала басшылығына Қанды қаңтар оқиғасынан кейін Бақытжан Сағынтаевтың орнына келген.

Сондай-ақ оқыңыз