
Бас прокурор Берік Асылов қылмыстық қауіп-қатерлер және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығының жұмысы туралы жазба жариялады.
Айтуынша, орталық жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып, цифрлық жобаларды іске асыруға кіріскен.
«е-Өтініш» жүйесіндегі жолданымдарды талдайды, қылмыстылықты болжайды, Қазақстанға таралуына жол бермеу үшін әлемдік қылмыстық қауіп-қатерлерді бақылайды. Жуырда дәл осы орталық автокөлік иелеріне бағытталған ауқымды фишингтік шабуыл туралы алдын ала ескерту жасады», – деп жазды Асылов.
Қаскүнемдер жол жүрiсi қағидаларын бұзғаны туралы «қаулы» тіркелген және «айыппұл төлеу» сілтемесі бар хаттарды таратып жатыр. Оған өту қаражаттың ұрлануына және құрылғылардың зақымдалуына әкеледі. Алғашқы шабуылдар АҚШ пен РФ-да тіркелген.