Жаңалықтар

Адвокат Хасан Қасымбаев ісін қарап жатқан судьяны ауыстыруды сұрады

Хасан Қасымбаев пен тағы бес адамға қатысты сот жалғасып жатыр/коллаж kursiv.media

Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаев пен тағы бес адамға қатысты сот жалғасып жатыр. 19 қыркүйектегі сотта адвокаттардың бірі істі қарап жатқан судьяны ауыстыруды сұраған. Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Сотталушының адвокаты Айдынғали Табылдиев судья Айнагүл Тұқыбаеваға қарсылық білдіру туралы өтінішхатын жариялаған. Сотта үзіліс жарияланып, адвокаттың бұл өтініші қабылданбайтын болды.

Сотта куәлерден жауап алынып жатыр. Жалпы алыт адамнан жауап алынады деп жоспарланған.

Айта кетейік, қылмыстық іс бойынша сот процесі 20 тамызда басталды. Сотталушылар қатарында алты адам бар. Олар: Хасан Қасымбаев, Руслан Әлиев, Мадияр Қалимжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхамет Сұлтанбеков және Данияр Аскаров.
Оларға Қылмыстық кодекстің үш бабы – адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру, қорқытып алу әрекетін жасады деген айып тағылған.

Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы жасөспірім Шерзат Полаттың қазасынан кейін атала бастады. Ол адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру (жәбірленуші жекпе-жек шебері Арман Әлімов) және бопсалау (жәбірленуші Әріпжан Тажиев) әрекетін жасады деп айыпталып отыр.

Айыптау актісіне сәйкес, оқиға 2021 жылдың жазында болған. Сол кезде жекпе-жек шебері Арман Әлімовке қару ұстаған адамдар шабуыл жасаған. Қасымбаев Әлімовтің «Қасымбаев маған авторитет емес» деген сөзіне ашуланып, оны жазаламақ болған. Қасымбаевтың тапсырмасымен бірнеше адам беттерін медициналық маскамен жауып, спортшыны дүкен маңында ұстап алып, көлікке күштеп отырғызған. Жол үстінде және Талғар ауданына қарасты Кеңдала ауылының сыртындағы далада оны ағаш және темір таяқтармен ұрып-соғып, ауыр жарақат салған.

Сондай-ақ оған кәсіпкер Әріпжан Тәжиевті соққыға жығып, одан 1 млн теңге талап еткен деген айып тағылған