Қостанай облысында алаяқтарға көмектескен баланың үйінен 21 телефон табылды

Қостанай облысында полиция интернет-алаяқтарға көмектесіп жүрген 16 жасөспірімді ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Ұсталғандардың бірі Лисаков қаласының 18 жастағы тұрғыны, жаңа SIM-карталардың жеткізушісі болған. Кейін осы нөмірлер әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған аккаунттар ашуға пайдаланылған.
«Тінту барысында оның үйінен 21 телефон, түрлі операторлардың 48 SIM-картасы және модем тәркіленді. Мұның бәрі қазақстандықтарды алдау үшін қылмыстық схемаларда қолданылған», – делінген ақпаратта.
Ал Алматы, Астана, Ақтөбе, Қостанай және Семей қалаларының тұрғындары зардап шеккен бес қылмыстық іс бойынша келтірілген шығын 80 миллион теңгеден асты. Азаматтар нөмірлердің жалған тұлғаларға тіркелгенін білмесе де, ақша аударып отырған.
Тергеу барысында полиция 17-20 жас аралығындағы тағы 15 жасөспірімнің осындай заңсыз әрекеттерге тартылғанын анықтады. Кәмелетке толмағандардың қылмысқа қатысқаны үшін тек өздері ғана емес, ата-аналары да қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде 16 500-ден астам интернет алаяқтық дерегі тіркелді. Былтыр 22 500-ден аса жағдай анықталған.