Жаңалықтар

Жаңаөзен қаласының аумағы кеңейеді

Жаңаөзен аумағы кеңейеді/фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының шекарасы өзгертілді. Бұл туралы Үкімет қаулысында айтылған.

Құжатқа сәйкес, Жаңаөзен қаласының аумағына Қарақия ауданының жалпы көлемі 112 988,2 гектар жері қосылады.

Қаулы 29 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Өзгерістерден кейін Жаңаөзен қаласы жалпы аумағы 164 604,5 гектар болады.

Жаңаөзен – Маңғыстау облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан қала.