Еуропалық комиссия Ресейге қарсы кезекті санкция пакетін бекітті

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Еуропалық комиссия 19 қыркүйекте Ресейге қарсы жаңа, кезекті 19-пакет санкциялар жөніндегі ұсынысты бекітті. Бұл туралы Брюссельде өткен брифингте комиссияның ресми өкілі Паула Пинью хабарлады.

Жаңа шешімнің мәні

Санкциялар пакетін Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен мен Еуроодақтың сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас таныстыруы тиіс. Алайда олардың жұмыс кестесіне байланысты мәлімдемелер алдын ала жазылған бейне немесе ресми құжат түрінде жарияланады.

Заңнамалық ұсыныс күшіне ену үшін оны Еуроодақ Кеңесі бірауыздан мақұлдауы қажет. Яғни ЕО-ның барлық 27 мүше мемлекеті келісім берген жағдайда ғана санкциялар ресми түрде енгізіледі.

Бұған дейін шетелдің басылымдар санкция пакетін жариялау бірнеше рет кейінге шегерілгенін жазған еді. Сарапшылар мұны АҚШ-тың қысымымен байланыстырады: Вашингтон Еуроодақтан қатаң шараларды талап етіп, тек сол жағдайда өз тарапынан жаңа санкция енгізуге дайын екенін білдірген.

Киев билігі жаңа құжаттан зор үміт күтеді. Украина президенті кеңсесінде атап өткендей, 19-пакет Ресейдің экономикалық әлеуетін әлсіретіп, соғыс жүргізу мүмкіндігін шектеуі тиіс.

Бұл шешім Еуроодақтың Украинаға деген тұрақты қолдауын тағы бір мәрте айқындап отыр. Алайда барлық елдердің келісімін алу оңай емес. Ресеймен экономикалық байланысы бар мемлекеттердің ұстанымы процесті ұзартуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз