Жаңалықтар

Қазақстандық банктердің табысы бір жылда 15%-ға артты

Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша екінші деңгейлі банктердің таза пайдасы 1,86 трлн теңгені құрады. Ұлттық банк статистикасына сай, бір айда банктердің таза пайдасы 1,64 трлн теңгеден 1,86 трлн теңгеге жеткен.

Ал 2024 жылдың тамыз айымпен салыстырғанда 14,8%-ға артық. Бұл жалпы сектордың алған пайдасы, әр банктің таза табысына қатысты мәлімет ай соңында жарияланады.

Активтер мен міндеттемелер

Банк секторының жалпы активтері 66,6 трлн теңгеге жетті. Ал міндеттемелер көлемі 56,9 трлн теңгені құрады. Ал капиталы 9,5 трлн теңгеден 9,8 трлн теңгеге жеткен.

Қазіргі кезде Қазақстанда банктер туралы жаңа заң жазылып жатыр. Ол жыл соңына дейін қабылдануы тиіс. Жаңа құжатқа сәйкес, банктердің капиталына қойылатын талап өзгереді. Сонымен қатар екі түрлі лицензия беру жүйесі енгізіледі.