Астана – Қарағанды тас жолында жөндеу жұмыстарына байланысты ескерту жарияланды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Астана – Қарағанды тас жолында кептеліс / фото: архив kursiv.media

«Астана – Қарағанды – Алматы» республикалық маңыздағы автожолының (KAZ01) Астана – Қарағанды бағытындағы 0–16 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады.

Жөндеу барысында жаңа жол төсеу, қоршаулар орнату, гранит борттас қою, сондай-ақ бағдаршам нысандарын қайта құру жұмыстары жасалып жатыр.

Компания өкілдерінің айтуынша, аталған жол бөлігі Мичурино, Құйгенжар және Жібек Жолы елдімекендері арқылы өтетіндіктен, көлік қозғалысында кептелістер болуы ықтимал.

Сондай-ақ оқыңыз