
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Аталған құжат қаржылық қауіпсіздікті арттыруға, заңсыз табыс көздерін анықтау мен тосқауыл қоюға, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес келетін құқықтық тетіктерді жетілдіруге бағытталған.
Жаңа өзгерістер бойынша қаржы ұйымдары мен уәкілетті органдардың бақылау тетіктері күшейтіледі. Сондай-ақ, күмәнді қаржылық операцияларды анықтау, есепке алу және алдын алу шаралары кеңейтіледі.