Жаңалықтар

Alma Fest: Президент паркінде концерт ұйымдастырылып, 100 тонна алма жеткізіледі

Alma Fest 2025 фестивалі Бірінші Президент паркінде өтеді
Alma Fest 2025 фестивалі Бірінші Президент паркінде өтеді / Фото: Алматы әкімдігі

Алматының Бірінші Президент саябағында Қала күніне орай Alma Fest фестивалі өтеді. Фестивальге алма бақтарынан 100 тонна алма жеткізіледі. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фестивальде аты аңызға айналған әншілер мен заманауи әртістер өнер көрсетеді. Олардың қатарында – «Дос-Мұқасан», Карина Абдуллина, TURAR, Astra және Royals Band сынды топтармен өнер иелері бар.

Фестиваль бағдарламасы келесідей:

  • Дәстүрлі жәрмеңкеде 100 тоннадан астам алма, оның ішінде аңызға айналған апорт пен сирек сорттар сатылады.
  • Балалар аймағында батуттар, ойындар, шығармашылық шеберлік сабақтары мен шатырлы цирктің шоуы өтеді.
  • Крафт-жәрмеңкесінде табиғи өнімдер мен қолдан жасалған дәмді тағамдар әзірленеді.
  • Қаланың үздік шығармашылық ұжымдары театрландырылған қойылымдар ұйымдастырып, этно шеберлік сабақтары өтеді.
  • Эко-аймақтар құрылады.
  • Виртуалды аймақтар жасақталып, отбасылық спортқа арналған шаралар өткізіледі.

«Alma Fest – бұл мәдени дәстүрлер мен заманауи қаланың ырғағын біріктіріп, шабыт, шығармашылық және отбасылық демалыс үшін орта құратын ерекше оқиға», – делінген баспасөз хабарламасында.

Шара 21 қыркүйек күні таңғы 10-да басталып, кешкі 21:00-ге дейін жалғасады.

Айта кетсек, Қала күніне орай Алмтады 200-ден астам шара өткізіледі. Республика сарайының алдындағы Абай алаңында, Ескі алаңда түрлі концерттік шаралар ұйымдастырылады. Бұл күндері Ninety One, Қайрат Нұртас, Тоқтар мен Бейбіт, Арман Қоңыр, Роза Рымбаева сынды т.б. қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетеді.