Жаңалықтар

Ауғанстан билігі университеттерде әйелдер жазған кітаптармен оқытуға тыйым салды

Талибан әйелдерге Құранды дауыстап оқуға тыйым салды
Талибан әйелдерге Құранды дауыстап оқуға тыйым салды / shutterstock, бильд-редактор: Артур Алескеров

Ауғанстан билігі университеттерде әйелдер жазған кітаптармен оқытуға тыйым салды. Бұл туралы өз дереккөзіне сілтеме жасап, BBC басылымы хабарлады.

ЖОО-ларда әйелдер жазған кітаптар оқытылмайды

Басылым хабарлауынша, Ауғанстандағы университеттердің оқу бағдарламаларынан әйелдер жазған кітаптар алынып тасталған. Бұдан бөлек Талибан үкіметі университеттерде «шариғат заңына қайшы келеді» деген желеумен 18 пәнді оқытуға тыйым салған. Атап айтқанда, Ауғанстан ЖОО-ларында адам құқықтарына қатысты пәндер оқытылмайды сонымен бірге жыныстық қудалау тақырыбын қозғауға тыйым салынады.

Жалпы, Талибан үкіметі 679 кітапты «шариғатқа қарсы» деп тапқан. Ол кітаптардың 140-ын әйелдер жазған. Мәселен, «Химиялық зертханадағы қауіпсіздік» атты кітап авторы әйел болғандықтан, оқытылмайды.

Әйел идеясы мен көзқарасына салынған тыйым

Оқу бағдарламаларын тексеру комиссиясының мүшесі әйелдер жазған кітаптарға тыйым салынғанын растаған.

«Әйелдер жазған барлық кітаптарға тыйым салынған», – деп мәлімдеген Талибан өкілі басылымға.

Талибандар билікке оралғанға дейін Әділет министрінің орынбасары болған және кітаптарына тыйым салынған авторлардың бірі Закия Аделей ауған үкіметінің мұндай шешімге келуіне еш таңғалмайтынын жеткізген.

«Талибанның соңғы төрт жылда не істегенін көріп отырмыз. Сондықтан олардың оқу бағдарламасына өзгеріс енгізуі де ғажап емес. Жалпы, әйелдердің оқуына тыйым салып отырған қоғамның әйел көзқарасы мен идеясына қарсы шара қодануы заңды», – дейді.

Мұның алдында Ауған үкіметі «арсыздық алын аламыз» деген желеумен интернетке тыйым салған болатын.