Шетелдегі лаңкестік ұйымға қосылғысы келген: сот 12 адамға үкім шығарды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
терроризм айыбы, сотталушы, күдікті
Терроризмге қатысы бар 12 адам сотталды / Фото: shutterstock

Тамыз айында шетелдік лаңкестік ұйымға қосылғысы келген адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Терроризмге қарсы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.

Орталықтың мәліметінше, тамызда жалпы терроризмге қатысы бар 12 адамға қатысты сот үкімі шыққан.

«2025 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының 12 азаматы террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталды» – делінген баспасөз хабарламасында.

Сотталғандардың 11-і терроризм идеясын насихаттаған. Сонымен бірге зорлық-зомбылықты ақтап және діни араздық шақырған.

Бұл топтағы 1 адам лаңкестік ұйымға қосылу үшін шетелге шығуды ойластырған. Экстремизмге қатысы бар олардың барлығы сот шешімімен кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.  

Сондай-ақ оқыңыз