
Әлемдік экономикалық дағдарыс келе жатыр. Ол 2008 жылғыдан да ауыр болуы ықтимал. Moody’s сарапшысы Марк Занди осындай болжам жасады.
Ол АҚШ экономикасының алдағы 12 айда рецессияға ұшырау ықтималдығын «жайсыз жоғары» деп атады.
Әлемдік экономикалық дағдарыс қаупі
Сарапшылар алдағы айларда әлемдік экономикалық дағдарыс басталуы мүмкін екенін ескертті. Бұл құбылыс кем дегенде 2008 жылғы деңгейде болуы ықтимал. Тіпті одан да ауыр болуы ғажап емес.
Негізгі себептері
Мамандар ықтимал дағдарыстың басты факторларын атап көрсетіп отыр. АҚШ-та тұрғын үй құрылысына берілген рұқсат саны күрт төмендеген. Орталық банктер мөлшерлемелерді көтеріп, бизнес несиелер азайған. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы жүріп жатыр.
Алдын ала болжам бойынша, рецессия қаупі 60-80%-ға жетуі ықтимал.
Moody’s болжамы
Moody’s Analytics бас экономисі Марк Занди АҚШ экономикасының рецессияға кіру ықтималдығын «жайсыз жоғары» деп бағалайды. Оның айтуынша, соңғы деректер елдің қаржы жүйесі «рецессияның шегінде» тұрғанын көрсетеді.
Занди неге алаңдайды?
Зандидің пікірінше, экономикалық көрсеткіштер тарихи деңгейге дейін төмендейді.
Сарапшының есебі бойынша, АҚШ алдағы 12 ай ішінде рецессияға түсу ықтималдығы – 48%. Бұл 50%-дан аз болғанымен, тарихта мұндай көрсеткіш ешқашан тіркелмеген және дәл осындай жағдайда дағдарыс болмаған. «48% деген көрсеткіш – жайсыз жоғары тәуекел», – дейді ол.
Айта кететін жайт, Қазақстан үкіметі дағдарыс кезінде банктерді бюджет қаржысы есебінен құтқаруды тоқтатқалы отыр.