«Мұндай келінді қалай жақсы көрмейсің!» Гүлзира Айдарбекова Индираға алғыс айтты

Жарияланды 19 Қыркүйек 2025 10:08

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Гүлзира Айдарбекова кенже келінінің мақтауын келтірді / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Гүлзира Айдарбекова кенже келінінің мақтауын келтірді / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Гүлзира Айдарбекова кенже келіні Индира Мауленнің  анасына керемет тәрбие бергені үшін рахмет айтты. Оның пысықтығына сүйсінді.

Индира Маулен – танымал әнші Қайрат Нұртастың кенже інісі Занғар Нұртастың жары. Енесі оған ұдайы ризашылығын білдіріп жүреді.

«Мамам тұрса, шай ішсін деген шығар»

«Жаным-ау, өзі асығып бара жатса да, таңғы астың бәрін дайындап кетіпті. Мұндай келінді қалай жақсы көрмейсің! Каша-машасы дайын. Тұшпарасын да әзірлеп қойыпты. Қолдың жұмыртқасын қайнатып, бауырсағы бар, самсасы бар, нанын жауып, бәрін дайындап кетіпті. Мама тұрса, шәй ішсін деген шығар. Осындай тәрбие берген анасына рахмет!», – деді Гүлзира Айдарбекова.

Қуанышты хабар

Айта кететін жайт, Индира Маулен алғаш рет ата-ана атанғалы отырғанын жария еткен еді.

«Біздің бақытты отбасымыз тағы бір жүрек соғысымен толығады. Инша Алла, жақында біздің кереметіміз дүниеге келеді. Соңғы екі жыл ішінде бізге бала тіледі. Тіпті Меккеде біз үшін дұға жасаған жандар болды», – деп жазған болатын Индира.

Занғар Нұртас 2023 жылдың қарашасында екінші рет үйленген еді.

Гүлзира Айдарбекова танымал ұлы Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова босанған кезде елеусіз қалдырған.

Сондай-ақ оқыңыз