Дональд Трамп Тайваньға әскери көмек беруді тоқтатты

АҚШ президенті Дональд Трамп биыл жазда Тайваньға құны 400 млн доллар болатын қару-жарақ жеткізу жоспарын мақұлдамаған. Бұл жайлы дереккөздеріне сілтеме жасаған The Washington Post жазады.
Басылым дерегінше, Трамп бұл шешімді Қытай басшысы Си Цзиньпинмен сауда келісімі мен ықтимал саммит өткізу жөнінде келіссөз жүргізу үшін қабылдаған.
«Көмек пакеті бойынша әлі түпкілікті шешім қабылданған жоқ», – деп мәлімдеді Ақ үйдің ресми өкілі.
Дереккөздердің сөзінше, ұсынылған әскери көмек көлемі бұрынғыдан әлдеқайда қауіпті болар еді. Себебі оның құрамында оқ-дәрілер мен автономды дрондар да бар.
The Washington Post атап өтуінше, Трамп әкімшілігі соңғы уақытта Қытайға қатысты АҚШ ұстанымын жұмсартып, жоғары технологиялы чиптердің экспортына бақылауды босаңдатты. Бейжіңмен қарым-қатынасын жақсартқаннан кейін де АҚШ Тайваньға әскери көмек көрсетуін тоқтатты дейді дереккөз.
Тарихи сүйенсек, «Бір Қытай» саясатын ұстанған Бейжің Тайваньды өзінің ажырамас бөлігі деп санайды. Ал Тайвань жеке мемлекет ретінде саясат құрады, бірақ оны ресми түрде мойындаған елдер аз.