Банк пен қаржы

Енді мемлекет банкрот болған банктердің барлығына көмек көрсетпейді

Банк секторы қозғалыста / Фото: kursiv.media мұрағаты
Фото: kursiv.media мұрағаты

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова банктер туралы жаңа заң жобаларын таныстырды. Жаңа құжаттағы негізгі айырмашылық – банктің қаржылық жағдайына қарай кезең-кезеңмен қолданылатын үш дағдарысқа қарсы режимді енгізеді.

Жаңа режим:

  • күшейтілген қадағалау,
  • қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру,
  • төлемге қабілетсіз банкті реттеу.

Банктер үшін қалпына келтіру және реттеу жоспарларын әзірлеу талабы енгізіледі. Олар қаржылық қиындықтардың алдын алып, төлем қабілетсіздігін болдырмауға бағытталған. Жүйелік маңызы бар банктерге шығындарды сіңіру қабілетін сақтау міндеттеледі, бұл қажет жағдайда міндеттемелерді капиталға айырбастауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттің қолдауы тек ерекше жағдайларда, жүйелік маңызы бар банктерге ғана көрсетіледі. Бұл қолдау уақытша әрі өтеулі сипатта болады. Оның шарттары ретінде акционерлер мен басшылықты ауыстыру, дивиденд пен бонустарға тыйым салу, тәуекелді операцияларды шектеу қарастырылған.

Қаржылық орнықтылық қалпына келгеннен кейін банк жаңа инвесторға сатылып, мемлекет салған қаражат бюджетке қайтарылады.

Сонымен қатар, заң жобасында Үкімет, Ұлттық банк және ҚНРДА арасындағы өкілеттіктер нақтыланады. Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес реттеу шаралары мен мемлекеттік қолдау туралы шешім қабылдайтын үйлестіруші орган ретінде белгіленді.