Алматыда концерт берген BACKSTREET BOYS тобы Астанаға ұшып келді (видео)

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Backstreet Boys Алматыға келді (видео)
BACKSTREET BOYS концерті: Әйгілі топты әкелу қанша тұрады

Алматыда концерт берген Backstreet Boys тобы Астанаға ұшып келді. Бұл туралы топ мүшесі Ник Картер өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Астана әуежайының қызметкерлері топтың «Everybody» әніне флешмоб ұйымдастырған. Әуежай қызметкерлерінің бұл құрметін әртістер жоғары бағалаған.

«Астана әуежайында таңертең бізді керемет қарсы алды. Қазақстан бізге көрсеткен сүйіспеншілігіңіз үшін өте ризамын», – деп жазған Картер.

Сонымен бірге Ник Картер Алматыдағы концерттен де өзінің Instagram парақшасында видео жариялаған.

«Рахмет, Алматы, Қазақстан! Ұмытылмас шоу үшін, рахмет. Біз сені жақсы көреміз», – деген жазба қалдырған.

Сондай-ақ оқыңыз