
World Clean-up Day экологиялық акциясы аясында шетел елшілігінің өкілдері Астанада Есіл өзенінің бойын тазалауға қатысты. Бұл туралы Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шараны Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі мен Астанадағы Эстония Елшілігі бірлесіп ұйымжастырған.
«Бұл күні Еуропа, Америка, Азия және Африка елдерінің дипломаттары мен елшілік қызметкерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері және Жер Қоры жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері, сонымен қатар Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары бірлесіп, Есіл өзенінің жағалауын тазарту үшін күш біріктірді», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сонымен бірге 2025 жылғы 20 қыркүйекте Астанадағы Есіл өзенінің жағалауында өткен тазалық шарасына 400-ден астам ерікті қатысқан.
Олардың қатарында шетел елшіліктерінің дипломаттары, халықаралық ұйымдар, жастар бірлестіктері және қала тұрғындары да болған. Сонымен бірге шара аясында эко-киімдермен алмасу, Plastic-Free Challenge және балаларға арналған танымдық сабақтар ұйымдастырылған.