Кибершабуылға байланысты Еуропаның үш әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Жарияланды

Кибершабуыл Еуропаның үш әуежайының жұмысына кедергі келтірді. Салдарынан Хитроу, Брюссель, Берлин қалаларының әуежайындағы рейстер кешіктерілген.
Кибершабуыл рейс тіркеу және отырғызу жүйелеріне жасалған. Еуропадағы бірнеше ірі әуежайдың, соның ішінде континенттегі ең жүктемелі Лондондағы Хитроу әуежайының жұмысын бұзды. Жұма күні рейстер кешігіп, кейібірі тоқтап қалған.
Бірнеше әуежайға тіркеу және отырғызу жүйелерін жеткізетін Collins Aerospace компаниясы кибершабуыл жасалғаны себепті, техникалық ақау туындағанын хабарлаған.
Ал Брюссель әуежайы өз сайтында шабуыл салдарынан автоматтандырылған жүйелер істен шыққанын мәлімдеді. Әуежайдың ұшаққа отырғызу тек қолмен тіркеу арқылы жүзеге асырылып жатқаны хабарланады.