«Көктөбе опера – 2025» фестивалі: қонақтар тауға аспалы жолмен тегін көтеріле алады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қала күніне орай «Көктөбе опера – 2025» фестивалі өтеді / Фото: Алмыт әкімдігі

20 қыркүйек күні «Көктөбе опера – 2025» фестиваліне байланысты аспалы жолдармен тауға көтерілу тегін болады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«20 қыркүйек күні Алматы тұрғындары мен қонақтарын қала күні мерекесіне арналған ерекше сый күтіп тұр. Сағат 16:00-ден бастап «Көктөбеге» көтерілетін аспалы жол тегін болады. Бұл әрбір қала тұрғыны мен қонағына тау басына көтеріліп, ірі музыкалық оқиғаның куәсі болуға жол ашады», – делінген әкімдік хбарламасында.

Ал 18:00-де «Көктөбе» саябағының ашық сахнасында классикалық музыкаға арналған «Көктөбе опера – 2025» халықаралық фестивалі басталады.

Фестивальде елдің танымал опера шеберлері – Зарина Алтынбаева, Расул Жармағамбетов, Жәмила Баспанова, Балуан Беркенов, Оксана Давыденко, Нұржан Бәжекенов, Венера Алпысбаева және Марина Алтухова өнер көрсетеді.

Кештің көркін «Салтанат» би ансамблінің әсерлі қойылымдары, Il canto квартетінің орындауы және дирижёр Алексей Беляков басқарған симфониялық оркестрдің өнері аша түседі.

Фестивальдің арнайы қонақтары – испандық тенор Энрике Феррер және жапон балеринасы Ариса Хасимото.

Концертке кіру – тегін.

Сондай-ақ оқыңыз