Жаңалықтар

Түркияның Анталья провинциясында бірнеше күннен бері орман өртеніп жатыр

Түркияның батысындағы Измир провинциясында орман өртеніп жатыр / фото: shutterstock
Түркияның Аланья елдімекенінде орман өртеніп жатыр / фото: shutterstock

Түркияның Анталья провинциясында бірнеше күннен бері орман өртеніп жатыр. Бұл түрік басылымдары хабарлады.

Түрік басылымдарының хабарлауынша, 2025 жылғы 18 қыркүйекте Түркияның Анталья провинциясына қарасты Аланья ауданында ірі орман өрті басталған. Өрт бірнеше елді мекенді қамтып, шұғыл эвакуация шараларын қажет еткен.

Өрт ошақтары Алиефенди махалласында пайда болып, Испатлы, Ишаклы, Каргыджак және Коджаогланлы аудандарына тарады. Куәгерлердің айтуынша, өрт алдында бірдеңенің жарылған даусы естілген. Сол себепті орман өрті әдей ұйымдастырылған болуы мүмкін деп болжанады.

Жергілікті билік 50 вилла мен 2 қонақ үйдің тұрғындарын эвакуациялаған. Өрт салдарынан жеке үйлер, жылыжайлар мен егістік алқаптары мен бақтар зардап шеккен. Сонымен бірге 6 адам түтінге улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген.

Өртті сөндіруге теңізден су алатын тікұшақтар жұмылдырылып, көршілес аудандардан өрт сөндіру техникалары тартылған.Қатты желдің өртті ауыздықтауды қиындатқан.

Әлеуметтік желілерде тараған видеодан қою түтін, сарғыш аспан және эвакуация көріністері тараған.