
«Қайрат» пен «Реал» ойынын көруге ескі Қазақстан өкілдері де келуі мүмкін. Бұл туралы Ertenmedia телеграм арнасы хабарлады.
Телеграм арнасының мәліметінше, экс-президенттің қызы Дариға Назарбаева Қазақстанға тамыз айының соңында келген. Сонымен бірге Әлия Назарбаеваның да елде жүргені хабарланған. Ал Нұрәлі Әлиевтің жақын күндері елге оралатыны жазылған.
Айта кетейік, «Қайрат» футбол командасына Дариғаның құдасы болған Қайрат Боранбаев иелік етеді. Бизнесменнің қызы Әлима Дариға Назарбаеваның ұлы – марқұм Айсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шыққан болатын.
«Қайрат» пен «Реал» 30 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында кездеседі. Қазақстанық футбол клубы Шотландияның «Селтигін» жеңген соң Чемпиондар Лигасына жолдама алған болатын. Бұл жеңіс Қазақстанның УЕФА рейтингінде көтерді.