
Құтқарушылар Алматы тауларының «Пионер» шыңынан шетелдік турист әйелді эвакуациялады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 19 қыркүйек күні кешке қарай болған. «Пионер» шыңынан түсу кезінде туристік топ мүшелерінің бірі аяғын қатты жарақаттап алған. Салдарынан әйел өз бетінше қозғала алмай таудан түсу кезінде қиындықтар туындаған. Туристер құтқару қызметіне хабарласып көмек сұраған. Көмекке «Тұйық-Су» бақылау-құтқару бекетінің құтқарушылар экипажы жіберілген.
«Зардап шеккен әйелдің жағдайы тұрақты болғанымен, оң аяғында қатты ауырсыну сезімі бар екенін айтты. Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, тау бөктеріне дейін тасымалдауды ұйымдастырды», – деп хабарлайды ТЖМ.
Зардап шеккен турист 1990 жылы дүниеге келген Израиль азаматы болып шықты. Медициналық мекемеге жеткізілген оған дәрігерлер «өкше сүйегінің жабық сынығы» деген диагноз қойған.