Актриса Сая Оразғалиеваға полиция үшінші рет айыппұл салды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Актриса Сая Оразғалиева «аңдып жүрген» полиция қызметкерлеріне шағымданды /фото: facebook
Актриса Сая Оразғалиева «аңдып жүрген» полиция қызметкерлеріне шағымданды /фото: facebook

Полиция актриса Сая Оразғалиеваға үшінші мәрте айыппұл салған. Айтуынша, бұған дейін де екі мәрте бір жерде ұсталған екен.

Танымал актриса жол ережесін бір бұрылыста бірнеше мәрте бұзып, қайта қайта полиция қызметкерлері тоқтатқан. Қомақты айыппұл салған.

«Жан-дүнием қатты ауырды»

Бұл жөнінде Сая Оразғалиеваның өзі былай баяндап берді.

«Күнім жайсыз өтті. Жаман түс көрдім. Жүрегімді жаралады. Жолымнан тайдырғандай болды. Жан-дүнием қатты ауырды. Мұны түсімде сезіндім», – дейді Сая Оразғалиева.

Жаман түс көріп, қобалжып келе жатқанда, оған мұның алдында екі рет айыппұл салған полиция қызметкерлері алдынан шыққан.

«Жығылғанға жұдырық»

«Мені жол полиция қызметкері жығылғанға жұдырық болды. Естеріңізде шығар, мені екі мәрте тоқтатып, айыппұл салғанын айтқан едім. Дәл сол полиция қызметкерлері. «Сендер не, мені аңдып жүрсіңдер ме?» деп сұрадым», – дейді актриса.  

Десе де, Сая Оразғалиева жол ережесін бұзғанын мойындап отыр.

«Маған болмайды екен»

Бірақ ыңғайсыз болғандықтан, амалсыз бұған барғанын айтады.

«Үйімнің маңынан Мәметова көшесіне шықтым. Бұл жерден көлікпен өтуге болмайды. Сейфуллин көшесімен тек солға бұрылу керек. Ал маған бұл көшемен солға бұрылудың қажеті жоқ. Маған тік жүру керек. Бәрі солай жүреді. Ұдайы. Бірақ маған болмайды екен. Дереу айыппұл салады. Иә, рас. Ол жерде тек солға бұрылу керек», – дейді актриса.

Мұның алдында қазақстандықтар Анджелина Джоли мен актриса әрі әнші Сая Оразғалиеваның келбетінде ұқсастық барын талқылаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз