Alma Fest-2025 фестиваліне 100 мыңға дейін қонақ келеді

Алматыда жыл сайынғы дәстүрлі Alma Fest-2025 фестивалі жалғасып жатыр. Фестивальге Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.
Фестиваль қаланың мол өнімін және мәдени алуандығын бейнелейтін мереке ретінде Тұңғыш Президент саябағында өтіп жатыр.
«Саябақ аумағы, әдеттегідей, ауқымды егін мерекесі мен ұлттық дәстүрлер алаңына айналды. Қонақтар үшін алма жәрмеңкесі, этноаймақ, қолөнер бұйымдарының базары, гастрономиялық алаңдар, спорттық жарыстар және түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды», – деп хабарлады әкімдіктің баспасө қызметі.
Жәрмеңкеге 50 фермер шамамен 100 тонна алма әкелді. Фестивальді 100 мыңға жуық адам тамашаламақ.
Музыкалық бағдарламаны белгілі диджейлердің сэттері сүйемелдесе, мереке кешкі уақытта үлкен концерттік бағдарламаға ұласады. Сахнаға TURAR, Astra, Дос-Мукасан, Карина Абдуллина и Royals Band сынды танымал артистер шығады.
Мұның алдында Алматыда қала күніне орай 5 мың қонаққа апорт алмасы таратылды.