Шерхан Қалмұрзаға Испания клубтары қызығушылық танытады – БАҚ

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Испандық журналист Ла Лига клубтары Шерхан Қалмұрзаға қызығатынын айтты / фото: KursivMedia мұрағаты
Испандық журналист Ла Лига клубтары Шерхан Қалмұрзаға қызығатынын айтты / фото: KursivMedia мұрағаты

Шерхан Қалмұрзаға Испания клубтары қызығушылық танытып отыр. Ол Лиссабонның «Спортингіне» қарсы матчта жұлдызға айналды.

Asnews.kz ақпаратына қарағанда, алматылық «Қайрат» футбол клубының 18 жасар қақпашысы Шерханды қазірдің өзінде Ла Лига клубтары бақылап жүрген болуы мүмкін. Бұл туралы Испаниялық журналист Давид Руис мәлімдеген.

«Мен сенімдімін: скауттар «Қайраттың» ойыншыларын «Селтикпен» өткен ойында да бақылаған. Бірақ Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі – мүлде басқа деңгей. Сондықтан осындай ойынынан кейін Шерханға Еуропаның үздік чемпионаттары, соның ішінде Ла Лига клубтары назар аударады. Ол – өте мықты деректерге ие қақпашы. Әрі бар болғаны 18 жаста», – деді ол басылымға берген сұхбатында.

Еске салайық, Шерхан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы матчта пенальтиді қайтара алды. Ойын 1:4 есебімен «Спортингтің» пайдасына аяқталды. Дегенмен жас қақпашы күннің үздік 5 сейвінің қатарына енді.

Мұның алдында Шерхан Қалмұрза әйгілі футболшы Самат Смақовтың күйеу бала болуы мүмкін екені мәлім болды.

Сондай-ақ оқыңыз