Жаңалықтар

Үсік, жаңбыр, бұршақ: 22 қыркүйектегі ауа райы

Ауа-райы құбылмалы болмақ /фото: shutterstock
Ауа райы құбылмалы болмақ /фото: shutterstock

Үсік, жаңбыр, бұршақ. «Қазгидромет» 2025 жыл 22 қыркүйекке арналған Қазақстан аумағындағы жалпы ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, тек шығыс өңірлерде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Елдің қалған аумақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал солтүстік аймақтардың кей жерлерінде бұршақ түсуі мүмкін.

Қазақстанның барлық өңірінде жел күшейеді. Оңтүстікте – шаңды дауыл, солтүстікте – екпінді жел соғады. Түнгі және таңғы уақыттарда тұман болжануда.

Абай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында -1 °C дейін үсік жүреді.

Батыс Қазақстанның солтүстігінде, Атыраудың шығысында, Маңғыстау мен Қостанайдың оңтүстігінде және еліміздің басқа көп өңірінде жоғары өрт қаупі бар.