Ұлыбритания Палестина мемлекетін мойындамақ

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер жексенбі күні Ұлыбританияның Палестина мемлекетін ресми түрде мойындайтынын жариялайды.
BBC ақпаратына қарағанда, бұл бастама Израиль үкіметінің, Газада тұтқында отырғандардың туыстарының және кейбір консерватор-оппоненттердің қатты сынына ұшырады.
Жаз бойы бірқатар батыс елдері – Франция, Ұлыбритания, Португалия, Канада, Австралия және Бельгия дүйсенбі күні басталатын БҰҰ Бас Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясында Палестина мемлекетін мойындайтынын мәлімдеген еді.
АҚШ-тағы Трамп әкімшілігі бұл қадамға қарсы. Сондай-ақ Израиль де оны сынға алды.
Шілде айында Стармер Израиль бірқатар шарттарды орындауы керек екенін айтқан. Соның ішінде Газадағы атысты тоқтату және Палестина мемлекеті мен Израильдің қатар өмір сүруі, ұзақмерзімді бейбіт процесс бойынша міндеттеме де бар. Бұған көнбесе, Ұлыбритания Палестина мемлекетін мойындайтынын айтқан болатын.
Алайда соғыстың басынан бері Израиль басшылығы мұндай мүмкіндікке жол бермейтінін мәлімдеп келеді.
Айта кететін жайт, БҰҰ комиссиясы Израильдің Газадағы әрекетін «геноцид» деп бағалады.