Жаңалықтар

Алматыда бір күнде 130 тонна алма сатылды

Alma Fest фестивалінде 130 тоннадан астам алма сатылды/фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыдағы Alma Fest фестивалінде 130 тоннадан астам алма сатылды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

«Фермерлер бір күнде 130 тоннадан астам алма сатты. Бұл – Алматыдағы дәстүрлі ең ірі Alma Fest фестивалінің соңғы 15 жылдағы рекорды. Жәрмеңкеге 50 бау-бақша шаруашылығы қатысып, апорт алмасын, коллекциялық сұрыптар мен тау бөктерінде өсірілген сирек буданды жемістерді ұсынды», – делінген ақпаратта.

Фестивальге 120 мыңнан астам қонақ жиналған. Оларға арнап үш үлкен сахна мен үш шағын алаңда концерт, театрландырылған қойылым және шеберлік дәрістері өткізілді.

Фестивальдің қолөнер аймағы да болды. Ол жерде 58 қолөнер шебері дәстүрлі зергерлік заттарды, тоқымадан, ағаштан, былғары мен металлдан жасаған бұйымдарын ұсынды. Арт-аймақта 30-дан аса суретші туындысын қойған.

Айта кетейік, 21 қыркүйекте Алматыда қала күні тойланды.